Өзім жайлы

Алғашқы бакалавр білімім - екі шет тіл: ағылшын, неміс. Осы білімімен Қазақ-түрік лицейлерінде (қазір БИЛ - Білім-Инновация Лицейлері) тәрбиеші, ағылшын тілі мұғалімі, директор орынбасары, директор қызметтерін атқардым. 


Лицейде жұмыс істеп жүріп Педагогика-психология мамандығы бойынша магистратура оқып алдым. Лицей ата-аналарына Бала Тәрбиесі тақырыбында тегін семнарлар мен тренингтер өткізе бастадым. 


2015 ж. педагогика-психология саласында жинаған білімім мен тәжірибемді жалпы жұртшылықпен бөлісу мақсатында жеке Отбасылық Психолог болып жұмыс істей бастадым. 


2018 ж. Отбасылық Психолоия саласында өзімді дамыту мақсатында отбасылық қарым-қатынас психологиясын 40 жылдан бері ғылыми түрде зерттеп келе жатқан АҚШ-тағы Готтман Институтында оқып келдім.


Сонымен қатар, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Даму Бағдарламасында (ПРООН) жастарды дамытуға арналған үлкен Орта Азиялық жобаның Қазақстанға жауапты Жоба Координаторы болып жұмыс істедім.



		
		<p><strong>		Ержан Мырзабаев</strong></p><p>Академияның негізін қалаушы,</p><p>Педагог-психолог</p>

Ержан Мырзабаев

Академияның негізін қалаушы,

Педагог-психолог

Байланысу:

+77001070707

info@otbasy.academy

©2023, "OTBASY ACADEMY" ЖШС

               

Қосымша сұрақтарыңыз болса, біздің Ватсапқа жазыңыз: